Такибаев Жасулан Даудибаевич 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Картография» мамандығына оқуға түсіп, 2007 жылы аталған мамандықты толық аяқтадым. Мемлекеттік емтихан комиссиясының шешімімен маған «Картограф, география пәнінің оқытушысы» біліктілігі берілді. 2014–2016 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасында білім алып, «6M071400 – Картография» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алдым. 2009–2021 жылдар аралығында Алматы қаласында орналасқан «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ-да кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істедім. Осы жылдары Қазақстан Республикасының 3 томдық Ұлттық Атласын жасау жұмысына 5 жыл көлемінде тікелей атсалыстым. 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ЮНЕСКО аясындағы 2-санатты Орталық Азия аймақтық гляциологиялық орталығының Қар және мұздық ресурстары динамикасын мониторингілеу зертханасында ғылыми қызметкер болып еңбек етемін. Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1 жыл бойы оқытушы болып жұмыс істедім. Сабақ берген пәндерім: • «Ғарыштық суреттерді өңдеу» • «Аэроғарыштық түсірілімдерді сандық өңдеу» Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторантурасында «Табиғи- техногендік қауіп-қатерлер» мамандығы бойынша білім алудамын. Кәсіби еңбегім еленіп, 2023 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Алғыс хатымен марапатталдым. Ғылыми баяндамалар • 1–4 қараша 2022 ж., Алматы қ. – Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Криосфера и связанные с ней опасности в Высокогорной Азии в условиях меняющегося климата». Баяндама тақырыбы: «Современные изменения снежного покрова на территории бассейна р. Арыс, хребет Огем, Казахстан» (авторлар: Н.В. Пиманкина, Ж.Д. Такибаев). • 20–21 наурыз 2023 ж., Душанбе қ. – Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Сохранение ледников — основа обеспечения водной, продовольственной, энергетической и экологической безопасности». Баяндама тақырыбы: «Колебания снежного покрова бассейна р. Арыс, Западный Тянь-Шань» (автор: Ж.Д. Такибаев).


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2007
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0